Сингапур билігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының өсуіне байланысты бірқатар елдерден келген адамдар үшін міндетті карантинді 21 күнге дейін ұзартты.
Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлады.
Австралия, Бруней, Қытай, Жаңа Зеландия, сондай-ақ Гонконг, Макао мен Тайваннан келген туристерге бұл талап қолданылмайды. Өткен аптада Сингапур үкіметі Бангладеш, Үндістан, Непал, Пәкістан және Шри-Ланкадан келген шетелдіктердің кіруіне толықтай тыйым салды.
Түркиядағы қолданыстағы локдаун шарттары 7 мамырдан бастап күшейтіледі, дүкендерде тек негізгі азық-түлік, гигиена құралдары мен үй жануарларына арналған тағамдар саудасына рұқсат етіледі.
Бұған дейін Түркия президенті коронавирустың күрделі жағдайына байланысты елде 29 сәуірден 17 мамырға дейін толық локдаун жариялаған болатын. ІІМ-нен басқа барлық ұйымдар мен мекемелер қызметін тоқтатты. Қалааралық сапарларға биліктен рұқсат алғаннан кейін ғана шығуға болады. Шетелдік туристерге коменданттық сағат қолданылмайды.
АҚШ басшылығы 4 шілдеде атап өтілетін Тәуелсіздік күніне орай елдің ересек тұрғындарының 70%-не COVID-19-ға қарсы вакцинасын салмақ. АҚШ Президенті Джо Байден вакцинаның алғашқы дозасымен ел тұрғындарының жартысынан көбі қамтылуы керек, ал 160 миллион америкалық коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өтуі қажет деді. Байден бұл мақсатқа қол жеткізу үшн АҚШ-та 60 күнде 100 миллион вакцинация жасалу керек атап өтті. Бұл елдің қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік береді деді ол.
Ұлыбритания билігі күзге қарай 50 жастан асқан азаматтарға қыста аурудың көбеюіне жол бермеу үшін үшінші Сovid-19 вакцинасын енгізуді ұсынады. Қазір Ұлыбританияның Бас санитариялық дәрігерінің басшылығымен вакциналардың екі нұсқасы сынақтан өткізілуде. Бірінші нұсқа коронавирустың жаңа штамдарымен күресуге бағытталған. Екінші нұсқа ретінде елде мақұлданған үш препараттың біреуі таңдалуы мүмкін. Қысқа мерзімде көп адамды екпемен қамту үшін Ұлыбритания үкіметінің шешімі бойынша вакцинаның екі дозасын енгізу арасындағы аралық үш аптадан үш айға дейін ұлғайтылды.