Түркияда екі қол білезігін трансплантациялау бойынша жасалған кезекті бесінші ота сәтті аяқталды, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.
34 жастағы пациент Явуз Айылмаздыр өзін жақсы сезінуде, ол қарқынды терапия бөлімінде жатыр.
Жерорта теңізі пластикалық, реконструктивтік және эстетикалық университеті хирургия кафедрасының оқытушысы, профессор Омер Азкан 14 сағатқа созылған ота кезінде еш қиындықтар туындамағанын айтты.
Айылмаздырға Жерорта теңізі университетінің ауруханасында қайтыс болған полиция қызметкерінің қол білезіктері тігілді. Явуз Айылмаздыр екі қол білезіктерінен 9 жасында Ыстанбұл қаласында динамиттің жарылуы салдарынан айырылған.