22 жел, 2020 сағат 00:21

Түркістандық дзюдошы Дидар Хамза жаңа салмақта ел чемпионы атанды

Ақтау қаласында өтіп жатқан дзюдодан ел чемпионатында Түркістан облысының балуаны Дидар Хамза 90 келіге дейінгі салмақта алтын медальге ие болды. Бұл - Түркістан облысы құрылғалы алғашқы алтын жүлде болып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Елішілік сайыста республикамыз бойынша кілең мықты балуандар бақ сынауда. 

Бұрын 81 келіде бақ сынаған Дидар жаңа салмақта жеңіске жетіп отыр. 

Түркістан облысының дзюдо күресінен аға жаттықтырушысы Серік Құлтаевтың айтуынша, ерлер мен әйелдер 7 салмақ бойынша белдесіп жатыр. 

Әр облыс, қаланың бапкерлері Қазақстан чемпионатына ең үздік деген шәкірттерін алып келген. 

Боз кілемде белдесіп жатқан әйелдер арасында Түркістан облысының балуаны 70 келі салмақта өнер көрсететін Перизат Жақыпбекова күміс жүлдегер атанды. 

Сонымен қатар, 81 келідегі жас балуан Нұриддин Ералхан қола жүлдегер атанса, Молдаш Керімбек үздік бестікке енген.