Түркістан облысында Covid-19 инфекциясынан жазылған азаматтардың жас ерекшеліктері - 3 жастан 67 жасқа дейін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, коронавирус жұқтырған тағы 16 науқас сауығып шыққан. Індеттен жазылғандар қатарында Түркістан және Арыс қалалары мен Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының тұрғындары бар. Олардың барлығы да Covid-19 инфекциясын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған. «Науқастар екі аптадан астам уақыт бойы жұқпалы аурулар бөліміндерінде ем қабылдап, сынама қорытындылары теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үйлеріне қайтарылған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары жоқ», - делінген хабарламада.