Төлеби ауданындағы Ленгер өзенінің су деңгейі көтеріліп, екі тұрғын үйді су басып қалды, - деп хабарлайды облыстық ТЖК.
«Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының Леңгір ауылында жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Ленгер өзенінде су деңгейі көтерілген, арнасынан шыққан. Соның салдарынан екі жекеменшік тұрғын үй мен 25 ауланы су басып қалды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, орта қысымдағы екі газ құбыры бүлінді, соның салдарынан жекеменшік секторында 83 абонент газсыз қалды.
«ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, «Қазселқорғау» ММ күшімен су басқа жаққа бұрылды. Сондай-ақ ұзақтығы 57 метр жағаны нығайту жұмыстары жүргізіліп, 350 текше метр су сорғыланды. Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаменті, Қазселқорғау және жергілікті атқарушы органдардың 126 қызметкері, 31 техника бірлігі және 14 мотосорғы жұмылдырылған», - деді комитеттен.