14 сәу, 2020 сағат 16:24

Түркістан облысында лай көшкіні жүрді

Түркістан облысында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты лай көшкіні болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ ТЖК-не сілтеме жасап.

«13 сәуір күні кешке Түркістан облысының Төле би ауданы Жаңа жол елді мекенінен 500-600 метр жерде жауын-шашынның көп түсуінен көлемі 2000-2200 м3, ұзындығы 120 метр, ені 17 метр, орташа тереңдігі 1 метр болатын лай көшкіні жүрді. Саз массасы елді мекенге қарсы бетке қарай жылжыған. Зардап шеккендер мен елді мекендерге қауіп жоқ. «Қазселденқорғау» ММ ТЖК тәулік бойы мониторинг жасап жатыр», - делінген хабарламада. 

Су тасқыны және көшкін жүру қаупі жоғары кезде тұрғындарды хабардар ету және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.