Фото: © pixabay.com/steinchen
Ыстамбұл - Маракеш бағытында ұшып бара жатқан Turkish Airlines ұшағы жолаушының өзіне қол жұмсауына байланысты Алжирге қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz порталы Нaber7 басылымына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, шетелдік азамат әжетханаға кіріп кетіп, ұзақ шықпай қойғанда жолсеріктер бірдеңе болғанын сезгендей есікті сындырып кіріпті.
Жолсеріктер жолаушыны әжетханадан ессіз күйде алып шығып, оған алғашқы жәрдем көрсеткен.
Қонуға мәжбүр болған ұшаққа асығып келген дәрігерлер жолаушының көз жұмғанын анықтайды. Бұл жағдай суицид ретінде тіркелген.