«2013 жылдың шілде айында NHK телеарнасының 31 жастағы репортері Мива Садо Токиода өзінің пәтерінде көз жұмды.Ол өз өліміне дейін бір ай бойы 159 сағат 37 минут артық жұмыс істеген. Садоның өлімі ресми түрде «шаршағаннан болға өлім» ретінде тіркелді», деп жазады The Guardian басылымы.
Автордың сөзінше, Жапонияда шаршағаннан болатын өлім жиі кездеседі. Тіпті, «кароши» деген арнайы термин де бар. Алғашқы рет кароши 1969 жылы тіркелсе, 2017 жылы қатты шаршағаннан болған 190 өлім орын алған. Биыл Жапония айына 45 сағаттан асатын артық жұмысқа тыйым салды.
Мақалада автор тағы бір зерттеу нәтижесіне тоқталған. Онда халқы ең көп жұмыс істейтін қала Мумбай екені айтылған.
«Kisi компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесінде 40 халықаралық қаланың ішінде тұрғындары ең көп жұмыс істейтін шаһар Токио екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, Токио тұрғындары аптасына орташа есеппен 42 сағат жұмыс істейді және жұмыс уақыты 8:57-де басталады», - деп жазады портал.
Ал UBS Швейцария банкінің айтуынша,Үндістанның Мумбай қаласында бір жылдағы орташа жұмыс сағаты ең көп болып, бұл қала ең еңбекқор танылған. Зерттеуде Мумбай тұрғындары жылына 3315 сағат жұмыс істейтіні айтылған. Ал ең аз жұмыс уақыты Лагоста тіркелген. Онда жұмыс уақыты орташа есеппен жылына 609 сағатты құрайды. Бұл рейтингте Токио 1 997 сағат көрсеткішпен 77 қаланың ішінде 32-орын алған. Лондон тұрғындары орташа есеппен 2 022 сағат, Нью-Йорк тұрғындары 2 046 сағат жұмыс істейді.