Фото: informburo.kz
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғынүй кешені ауласынан салынып жатқан Sensata компаниясының тұрғынүйі құрылысын дереу тоқтатуды талап кетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Жоба бойынша бұл жерде саябақ болуы керек болған, алайда құрылыс компаниясы құжатты ысырып қойып, құрылысты жалғастырған.
Тұрғындар қала әкіміне өз құқықтарының қорғалуын талап етіп, бірнеше мәрте шағымданған. Нәтижесінде қала басшысы астаналықтарды қолдап, құрылысқа тыйым салатынын айтты.
"Мен бүгін аудан әкімі мен "Газком" орынбасарын ол жерге барып, құрылысты тоқтатып, блок қойып, құрылыс алаңынан барлық техниканы қуып шығуды жеке тапсырамын. Соттың соңғы шешімі болмайынша ол жерде ешқандай әрекет болмайды. Сотта жеңіп шығамыз деп үміттенемін", - деді әкім қатысқан жиын барысында.
Sensata компаниясының атынан өзін Максим Александрович деп таныстырып, сөз сөйлеген азаматқа Жеңіс Қасымбек:
"Максим Александрович, құрылысқа тыйым саламын. Тұрғындар қарсы. Сонымен бітті! Бас жоспардың аты - бас жоспар. Егер сіздерге қарап басқа құрылыс компаниялары да осылай жұмыс істесе бүткіл қала құрылысқа толып кетеді", - деді Астана әкімі өз сөзінде.
