Тұңғыш қазақ басылымдарының алғашқы қолдаушылары (меценаттары) кімдер? Мәселен, 1911 жылдан бастап Бөкей ордасында жарыққа шыққан "Қазақстан" газетін Зейнел-Ғабиден Тағиев пен Шәңгерей Бөкеев қаржыландырған. Бақытжан Қаратаевтың "Қазақстанға" шыққан мына мақаласы бек пайдалы болады деп ойлаймын. Айтпақшы, қазақтың ең алғашқы фотографы осы Шәңгерей төре еді...
Азаматтарға және бір-екі ауыз сөз
Троитскі шахарында қазақ тілінде «Айқаб» журналы шықды деб, Оралскі шахарында «Қазақстан» ғазитасы шықды деб қазақ азаматдары қуанысыб жатқан көрінеді. Мұны біліб, азаматдарға айтатұғын аз ғана сөзім бар: «Айқаб» журналының шығуына расхуд шығарыб, себеб болған Троитскі мұсылманы Иаушиев болады, «Қазақстанның» шығуына себеб болған Баку шахарының мұсылманы генерал Зейнелғабиден Тағиев һәм Жаһангир ханның нибересі сұлтан Шһангирей деген мұсылман болады. Тағиев мың сом берді, сұлтан Шһангирей бес жүз сом берді.
Құфиа емес, жариа ғой, танық емес анық ғой, қазақ халқы мұсылманның бір бөлегі, елі һәм былайғы мұсылмандарға қарағанда өнер-білімнен махрұм болыб кейін қалуны. Русиядағы дін қарындастарымыз Қазан, Қавқаз, Түркістан мұсылмандары соңғы уақытдарда өнер-білімдерін асырыб ілгері кетді. Қазақ халқы бұ мұсылмандардың шаңына да араласа алмай қалды. Қазақдың қибат көргені һәм алаң болғаны упрауител-ыстаршина, народный судиа лауазымлары болды. Бұ лауазымлар үшін азаматлар бірі-бірімен таласыб, көб сомалар шығарыб келе жатыр. Бірақ оларға өкбелеуге тиіс емес, аның үшін бұл талас – надандықдың белгісі. Мойнымызға алайық, орысша һәм мұсылманша оқығандарымыздан да көбіміздің көңіліміз надан, өнер-білім сүйегімізді сындырыб, етімізді жыртыб, бойымызға әлі сіңген жоқ. Солай болғансын сыртымыз сұлу, көңіліміз лас болуы ғажаб емес. Сол себебді данышман мұсылман қарындасдарымыз ғинарал Тағиев, Йауишов һәм сұлтан Шһәңгирей хазратлары қазақ сықылды қарындас халқын айаб, көзін ашар үшін ұйқысынан ойатар үшін өнер-білім жолына айдар үшін дәулетдерін айамай, «Айқаб» һәм «Қазақстан» ғазиталарының шығуына жәрдем беріб жатыр. Енді шылбыр беріб, бәйгі атындай көтермелеген данышмандарға ілесе алсақ жарар еді. Ғинирал Тағиев, Йауишов һәм сұлтан Шһангирей хазіретдерінің жәрдемінен түсіндік: қазақдың «Ойда он сиырдың мүйізі сырқыраса, қырда қырық сиырдың мүйізі сырқырайды» деген мақалы осы екен. Қазақ мұсылмандарының надан болыб, ғайри халықдан өнер-білім жолында кейін шегініб қалыб бара жатқанына арланыб, бұл данышмандар қазақды қызғанғандығын білдірді. Ғинирал Тағиевдің нәсілі әзірбайжан татары болады. Йауишовдың нәсілі Қазан татары болады. Сұлтан Шһангирей қазақдың өзінің төресі болады. Арғы атасы Әбілхайыр хан, аның ұғлы Нұралы хан, аның ұғлы Сейдгирей сұлтан, аның ұғлы данышманымыз сұлтан Шһангирей болады.
Сол себебді бұл данышмандарды Алла тағала бұ дүниадағы һәм ол дүниадағы мақсұддарына жеткерсін деб біз оларға фатиха беріб, дұғада тұрмыз һәм тұралық.
Сұлтан Бахытжан Бисғәлі ұғлы Қаратаев
"Қазақстан" газеті, №5, 19.01.1912 жыл
Серікбол Хасан