05 қыр, 2020 сағат 22:16

Тұман, жаңбыр, жел – жексенбіге арналған ауа райы

Жексенбі елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 6 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік және оңтүстік антициклон әсер етеді, осыған байланысты оңтүстікте күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, кей жерлерде жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл соғуы ықтимал. Түркістан, күндіз Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-23 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Атырау, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Түркістан облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.