29 қаң, 2021 сағат 18:08

Тұман, көктайғақ: 7 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 30 қаңтарда ауа райының бұзылына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде сондай-ақ тұман болжанады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 16 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, қөктайғақ күтіледі. 

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Сондай-ақ 2 ақпанға дейін Жамбыл облысында тұман болжанады. 1-2 ақпанда кей жерлерде көктайғақ күтіледі. 30 қаңтар - 1 ақпан аралығында желдің екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.