27 жел, 2019 сағат 14:33

Төтенше жағдайлар қызметкерлері ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсырды

Төтенше жағдайлар қызметкерлері ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де шет қалмай, өзге де қызметтермен бірге ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін «Қалалық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында қан тапсырды», - делінген ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

ҚР ДСМ ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ресурстар жеткілікті екенін, қан тапсырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.