Төрт санаттағы бұрынғы әлем чемпионы америкалық Адриен Бронер (33-4-1, 24 КО) сот шешімімен 7 күн мерзімге қамауға алынды. Бұған себеп – 2018 жылы соттың шешімімен шыққан жыныстық зорлық-зомбылық туралы іс бойынша сынақ мерзімін бұзуы, деп хабарлайды Clevland.com сайты.
Бронерді 2018 жылдың қарашасында 35 жастағы әйел Кливленд түнгі клубтарының бірінде болған кеште жыныстық сипатта зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған.
2019 жылдың сәуірінде Эдриен кінәсін мойындап, екі жыл сынақ мерзімін алды. Боксшы өзін ақтау кезінде судьяға жақында әйелімен айырылысып, депрессияға ұшырағанын және психологтың көмегіне мұқтаж екенін айтқан.
Бронер адвокат жалдамағандықтан және бұл істі елемегендіктен, сот міндеттемелердің орындалмағандығы туралы шешім қабылдап, Эдриеннен жәбірленушіге 830 000 доллар төлеуге үкім шығарды.
Бронер 2019 жылдың қаңтарынан бастап рингке шығып жүрген жоқ. Сол жылы (UD 12) филиппиндік Мэнни Пакьяодан ұпай саны бойынша жеңіліп қалған болатын.