Төрт астронавт мінген SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш кемесінен орбитаға аттанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Falcon 9 зымыраны 11 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:04-те Флоридадағы Кеннеди атындағы Ғарыш орталығынан ұшырылды.
Экипаж құрамында америкалық астронавттар Раджа Чари, Том Маршберн мен Кайла Бэррон және Еуропа ғарыш агенттігінің (ЕКА) астронавты Маттиас Маурер бар. Олар алты айға жуық уақыт орбитада болады.
"SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі Falcon 9 зымыранының екінші сатысынан ажырап, енді өз бетінше ұшып барады", - деп жазылған NASA сайтында.
2002 жылдың мамырында Маск өзінің үшінші компаниясы – SpaceX-ты құрды. Ол зымыран тасымалдағыштар топтамасын әзірлеумен айналысады және ғарыш жүйелерінің коммерциялық операторы ретінде қызмет етеді.
Біраз уақыт бұрын РИА Новости CNBC телеарнасына сілтеме жасап, Илон Маск Tesla акцияларын 1,1 миллион долларға сатқаны туралы хабарлады. Маск салық төлемегені үшін айыпталғаннан кейін 930 мыңнан астам акцияны сатуы мүмкін екені де айтылды. Телеарна ақпараты бойынша, бизнесменнің иелігінде әлі компаниялардың 170 миллион акциясы бар. Құнды қағаздарды сату туралы Маск Tesla компаниясының өзіне тиесілі акцияларының 10%-ін сату туралы Twitter-де сауалнама жүргізгеннен кейін белгілі болды. Алайда CNBC бұл сату қыркүйекте жоспарланғанын мәлімдеді.
Илон Маск "соңғы уақытта салық төлеуден жалтару туралы көп айтылып жатқанын" жазып, интернетті пайдаланушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, Tesla компаниясындағы өз акцияларының 10%-ін сатуға бел буғанын хабарлады. Дауыс беруге қатысушылардың 57,9%-і акцияларды сатуды қолдады.