14 там, 2020 сағат 20:11

Токиодағы аптап ыстық 14 адамның өмірін қиып кетті

Токиода 11-12 тамызда күн өтіп, кем дегенде 14 адам көз жұмды, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Қаза тапқандардың тоғызы 80 жастан асқан егде жандар. Тамыз айының ішінде аптап ыстықтан жапон астанасының 26 тұрғыны мерт болды. 

13 тамызда ТЖМ функцияларын орындайтын Жапонияның Бас өрт сөндіру басқармасы 3 тамыздан бастап 9 тамызға дейінгі аралықта аптап ыстық салдарынан он адамның мерт болғанын және 6,6 мың адамның зардап шеккенін хабарлаған болатын. 

Биылғы жазғы маусымда осы апта аса ыстық болды. Кейбір аудандарда термометр бағаны 38 градустан асып жығылды. Ал орталық Гумма префектурасында 11 тамыз күні ауа 40,1 градусқа дейін қызды.

Айта кетер жайт, Жапонияда әдетте ең ыстық кезең шілде – маусым айларына тура келетін. Дегенмен соңғы екі жыл қатарынан шілдеде бұлтты әрі жаңбырлы күндер көп болды.

Ал өткен жылы бүкіл ел аумағында аптап ыстықтан 126 адам қайтыс болып, 70 мыңнан астамы зардап шеккен еді.