07 қаз, 2021 сағат 22:05

Токиода 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді


Токио ауданында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасы мәлімдеді. 

Жер дүмпулерінің эпицентрі Токио мен Тиба префектураларының шекарасында орналасқан. Сілкініс тереңдігі – 80 шақырым.

Жапония астанасындағы ғимараттардың қабырғалары босап қалды. Көшелерде ескерту жедел жүйесі іске қосылды.

Жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жоқ, алайда сейсмологтар жердің қайта сілкінуі мүмкін екенін айтты.

Оқиғадан кейін Токио ауданындағы жүрдек пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.