02 шіл, 2021 сағат 19:55

Токио олимпиадасын қай арналар көрсетеді?


Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова XXXII жазғы Олимпиада ойындарының көрсетілімін ұйымдастыру жұмыстары әлі пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әуелі Ақтоты Райымқұлова биылғы Олимпиадаға баратын спортшылармен қоса делегациялардың саны да қатты қысқарғанын айтып өтті.

«Бүгінгі ахуал дүниежүзі бойынша күрделі болып тұр. Сондықтан ресми делегацияның да саны қысқарды. Мысалы бұрынғы жылдары әрбір спортшының жеке бапкері бірге баратын еді. Қазір олардың саны да қысқартылып жатыр. Ресми делегацияның да саны қысқарған. Кім-кімнің баратыны әлі де нақтыланып жатыр», - деді вдеомство басшысы.

Министрдің айтуынша, 16 шілдеде «Air Astana» ұшағымен құрама команданың бірінші рейсі Токиоға ұшады. Ал екінші рейс 27 шілдеде шығуы керек.

«Ойындардың көрсетілімі бойынша Ұлттық Олимпиада комитетімен күнделікті келіссөздер жүріп жатыр. Үмітіміз бар. Ұлттық арналардан болсын, спорттық арналаран болсын Олимпиаданы көрсету бойынша жұмыстарымыздың қорытындысын көреміз деп ойлаймын», - деді Мәдениет және спорт министрі.