Токио қаласы Медициналық қауымдастығының басшысы Харуо Одзаки жазғы Олимпиада ойындарын қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз ету үшін Жапония астанасында тәулік ішінде COVID-19 жұқтыру оқиғаларының шекті саны 100-ден аспауы керек деп санайды. Бұл туралы ол бейсенбі күні Asahi Shimbun газетіне берген сұхбатында мәлім етті.
Одзакидің айтуынша, төтенше жағдайдың қазіргі режимі алдын ала жоспарлағандай, 31 мамырда тоқтатылатын болса, онда ешқандай нәтижеге қол жетпейді.
«Егер оқиғалар санының өсімі 300-400 деңгейінде болғанда ТЖ режимі жойылса, келесі екі айда індет жұқтырудың жаңа толқыны басталуы ықтимал. Оқиғалар санының өсімін тәулігіне 100-ге жеткізуге жету үшін, ТЖ режимін маусымның соңына дейін ұзартып, адамдардың жүруіне шектеу қою керек», - деп қосып өтті медициналық қауымдастық басшысы.
Соңғы мәліметтер бойынша, қазіргі кезде Жапонияда вирус жұқтыру жағдайларының жалпы саны 667 мыңнан асқан, 11,2 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Айта кетсек, Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесінен бастап 9 тамызға дейін болуы тиіс еді. Пандемия себебімен жарыстар бір жылға кейінге қалдырылып, 2021 жылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өткізілетін болды.