16 мау, 2021 сағат 19:38

Токио Олимпиадасы: Қазақстан спортшыларының формасы осы айда дайын болады


ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында қандай форма киеді деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл мәселе Ұлттық Олимпиада комитетінің бақылауында. Менің білуімше, осы айдың соңына дейін бұл форманы көре аламыз. Киімді ұлттық компания тігеді, кейбір элементтер жаңа инновациялық әдістермен шешіліп жатыр. Біз әр Олимпиадада формамызға өзгерістер енгіземіз, Токио Олимпиадасындағы ұлттық құрамамыздың формасы Риоға қарағанда әдемірек болатынына сенемін», - деді Ерлан Қожағапанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тілші сұрағына.