20 мау, 2021 сағат 11:02

Токио Олимпиада объектілерін аралауға тыйым салды


Токио губернаторы Юрико Коике жазғы Олимпиада ойындарының объектілерін аралауға тыйым салынады деп мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл шара коронавирус індетінің алдын алу қажеттігінен туған. Ел премьер-министрі Есихидэ Сугамен кездескеннен соң Коике экскурсияға арналған орындардың вакциналау пунктеріне айналатынын айтты. Бұл туралы The Japan Times басылымы хабарлады.

Биылғы Олимпиада ойындарын өз аумағында өткізетін Жапонияда үкімет коронавирус індетінің тарауын қолға ала алмағаны үшін қоғам сынына ұшырап келеді.

The Japan Times басылымының жазуынша, ұйымдастырушылар, үкімет мүшелері және денсаулық мамандары көрермендерді жарыс тамашалауға кіргізу-кіргізбеу мәселесінде әлі дауласып отыр.

Премьер-министр Есихидэ Суга көрермендерді кіргізуді мақұлдап, Токио қаласы үшін төтенше жағдайды 20 маусым күні аяқтау туралы шешім қабылдады.

Бірақ елдің үкіметтің Covid жөніндегі комитетін басқаратын Шигеру Оми көрермендерді жарыс орындарына кіргізбеу керек деп отыр.

Оми бастаған сарапшылар тобының 18 маусым күні жариялаған баяндамасында көрерменді қатыстырмау Олимпиада ойындарын өткізудің ең қауіпсіз жолы болмақ деп жазылған.

Дүйсенбі, 21 маусым күні губернатор Коике мен премьер-министр Суга Халықаралық Олимпиада комитетімен және Халықаралық паралимпиада комитетімен кездесіп, жарыстарға қанша жанкүйер қатыса алатынын талқылауы тиіс.