07 там, 2021 сағат 00:40

Токио-2020: Қазақстан медаль саны бойынша 79-шы орында тұр


Бүгін қазақстандық спортшылар Токиода өтіп жатқан Олимпиадада медаль ала алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан қоржынында әзірге 7 қола медаль бар. Оларды дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асаділов жеңіп алды. 

Медаль саны бойынша Қазақстан 79-шы орында тұр. Көш басында Қытай (36-26-17), екінші орында АҚШ (31-36-31) келеді, үшінші орынға Жапония (24-11-16) тұрақтаған. 

Посткеңестік елдердің арасында бірінші болып Ресей (17-23-22) тұр, ол жалпы есепте бесінші орынға тұрақтаған. Одан кейін 25-ші орында тұрған Грузия (2-5-1), 35-ші орындағы Өзбекстан (2-0-2) тұр. Тізімді 40-шы орында келе жатқан Украина (1-3-10), 43-ші орындағы Беларусь (1-2-2), 57-ші орында тұрған Эстония мен Латвия (1-0-1), 67-ші орындағы Армения (0-2-2), 68-ші орындағы Қырғызстан (0-2-1), 69-шы орындағы Әзербайжан (0-1-3), 75-ші орынға жайғасқан Литва мен Түрікменстан (0-1-0) жалғастарады. 

Медаль саны бойынша 6-тамыз күнгі нәтиже: 

1. Қытай — 36-26-17 

2. АҚШ — 31-36-31 

3. Жапония — 24-11-16 

4. Ұлыбритания — 18-20-20 

5. Ресей — 17-23-22 

6. Австралия — 17-6-21 

7. Италия — 10-10-18 

8. Германия — 9-11-16 

9. Нидерланды — 9-10-12 

10. Франция — 7-11-9 

79. Қазақстан — 0-0-7.