06 мам, 2021 сағат 19:22

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды


ҚР Президенті Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Президенттің Баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтынын сұраған сауалдар келіп түсіп жатыр. Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.