01 қыр, 2021 сағат 12:34

Тоқаев: Халықаралық олимпиада жүлдегері болған оқушыларға ақшалай сыйақы беріледі


Халықаралық пәндік олимпиадаларда жеңімпаз және жүлдегер болған оқушыларға бірреттік ақшалай сыйақы беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз. Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн», - деді Қазақстан Президенті. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жалпыға міндетті оқу аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын да қолдау маңызды екендігін айтты.

«Материалдық қолдау көрсету шараларын «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен толықтырған жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.