Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктеріне зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуыл әрекеттерін айыптады, деп хабарлайды Ult.kz.
Президенттің айтуынша, бұл әрекеттер салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келген.
Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыруы мүмкін мұндай әрекеттерді ешқандай жолмен ақтауға болмайтынын атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін айтты.
