ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың ерлігіне тағзым ретінде ол туралы өздерінің ана тілдерінде жазылған өлеңдерден үзінділер оқыды. Бұл туралы СІМ хабарлады.
22 маусымда фашисттік күштердің КСРО аумағына басып кіргеніне және Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толады. Бұл оқиға Қазақстан халқына орасан зор қайғы әкелді.
1,2 миллионға жуық қазақстандықтар майданға аттанды, олардың 600 мыңнан астамы қаза тапты. Шайқастарда көрсеткен ерліктері үшін жүздеген мың адам орден мен медальға, ал 500-ден астам жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Фашизмді жеңуге тыл еңбеккерлері де баға жетпес үлес қосты.
Сұрапыл соғыстың басталуын еске алу күнінің қарсаңында ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың ерлігіне тағзым ретінде ол туралы өздерінің ана тілдерінде жазылған өлеңдерден үзінділер оқыды.