Діннен адасу діни сауатсыздықтан болады деп жатамыз. Дегенмен қоғамдағы әрбір адам дінтануды немесе Нұр-Мүбарак университетін оқымайды. Сондықтан діни сауатты арттыру мәселелері мен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» жұмыстары туралы теолог Тимур Алиевпен әңгімелестік.
Орталық мамандары теріс ағымның жетегінде кеткен азаматтармен қалай және қандай жұмыстар атқарып жатыр? Осы жұмыс аясында қанша адаммен жұмыс істелді?
Біздің орталық осы жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істей бастады. Бүгінгі күнге дейін шамамен 700-ден астам адаммен оңалту мақсатында әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Олардың 30 пайызы оң нәтиже берді. Жұмыс барысында ағымнан адасқан адамдарды көбіне жақындары, туыстары достары, бала-шағасы әкеледі. Немесе кейде керісінше. Кейде адамдар мешіттерден, газет-журналдардан, интернет порталдардан біздің жарнамамызды көріп, өздері хабарласып жататын жағдайлар да болады. Өздерін мазалаған сауалдар болса, адамдар осында келеді. Осында келген соң ары қарай әңгімелесу жұмыстары жүреді.
Әңгімелесу ең бірінші идеологиялық жоспар бойынша жүреді. Ақида дейді ғой, яғни сенім мәселесі. Біз осы бойынша дәстүрлі діни танымын түсіндіруге тырысамыз. Өйткені деструктивтік діни ағымдар дәл осы сенім мәселесі арқылы жұмыс істеп, адастырады. Менің методикама келсек, оның сенімін анықтап, ол адамға мен өзімнің дұшпан емес екенінімді сезіндіріп, мен де мешітке баратынымды көрсетіп, оның маған деген көзқарасының оң қалыптасуына мән беремін. Жағдай екіұшты болып тұрғанда, алғашқыда әңгіме дұрыс басталып, сосын әртүрлі сала бойынша түсінбестік туындаса, біз бірінші олардың шейхтарының кітаптарын ашамыз. Себебі біз оларға өздері ұстаз ретінде құрметтеп жүрген шейхтарының қай жерде қандай қате жібергендерін дәлелдеуіміз керек. Негізгі мәселе осы. Себебі бізге келетін деструктивті көзқарастағы адамдардың көбісі ұстаз-шейхтарына соқыр еруші болып келеді. Журектері ақиқатқа емес, жеке тұлғаларға байланған. Сол үшін өздерінеавторитет болған адамдардың бейнесін ашып,қателерін баяндаған кезде, олардың беті бізге бұрыла бастайды. Дәл осы сәтке дейін олар ресми имамдарды құрметтемейді, сыйламайды. Өйткені олардың ұстаздары бірнеше жыл бойы олардың саналарын басқа арнаға бұрып имамдарды жамандап келген. Білімді теологтар болсын, діни басқарманың имамдары болсын бәрін адасқандар деп түсіндіреді. Міне, сондықтан біздің жұмыстарымыздың алғашқы бөліктері классикалық кітаптар арқылы жүреді. Содан ол өз шейхтарының қателерін түсіне бастаған кезде оған біз жалпы төрт мазһаб туралы, оның ішінде әйгілі Әбу Ханифа мазхабы туралы айта бастаймыз. Оның мың жылдан аса бұрын қалай пайда болғаны, біздің бүгінгі дәстүрлі діни ұстанымымыз туралы айтамыз. Ал олар сенген қазіргі уақыттағы діни сенімдері 19 ғасырда-ақ пайда болған.
Сонымен қатар, адам бізге сеніп, түсіне бастаған кезде түрлі шаралар ұйымдастыра бастаймыз. Адамдардың түрінен, сөзінен, іс-әрекетінен-ақ олардың түсіне бастағаны көрінеді. Сол кезде біз тауға шығу, серуендеу, спорттық шаралар сияқты іс-шаралар ұйымдастырамыз. Әсіресе спорттық шаралар мысалыдіни басқарма имамдарымен бірге өтеді. Футбол, күрес деген сияқты.
Деструктивті діни ағымдардың қызметінен зардап шеккендердің арасында қандай адамдар оңалту жұмыстарына қиындық тудырады, оның себептері мен салдарлары қандай?
Енді адамдар түрлі категорияларға бөлінеді ғой. Соның ішінде дәл мынадай категория қиындық тудырады деп айту өте қиын. Өйткені адамдар әртүрлі. Дегенмен, көбінесе темпераменті қызуқанды, тік мінезді адамдардың ойын өзгерту қиындау болады. Адам дінге бет бұрмас бұрын бұзық, қызу, анаша шегетін болса, хулиган, бандит типтегі, және туғаннан өтірік айту әдеті, немесе басқа да жаман әдеті бар адамдар болса, міне осындай адамдар көбіне қиындық туғызады. Бұлар көбінесе дінге келгеннен кейін, жақсы жаққа өзгеруге тырысса да жаман әдеттерін тастай алмағандар. Бұл таза менің тәжірибемде. Себебі әңгімелесу барысында сен көресің, ол адам біз тек қана «Құран және сүнетпен» омір сүреміз, тек қана жақсылыққа шақырамыз деп отырса да, дөрекі адам екені байқалып қалады. Және де кейбір өкілдері үшін Құран айатында немесе хадисте былай айтылған десең, оған көше тәрбіті жақын, төбелесе салу оңайырақ. Адам дінге келмей тұрып қандай эмоциоланды болса, дінге бетбұрған кезде де сол мінезімен келеді. Ал сосын деструтивті ағымдағы көшбасшылармен кездескен кезде, ол одан әрі қызуқандылана түседі. Себебі үлкен ғалымдар ғана талқылайтын кейбір мәселелер болады, мысалы такфир(күпірлікке шығару) мәселесі, олар соған ұмтылып,қайт-қайта қозғай береді, айтқанда оның делебесі қозады.Ол айналасындағылар түгілі, үйіндегі жолдасына қателесіп қалса сен кәпірсің деп айта бастайды. Міне осындай типтегі адамдар көбіне менің практикамда оңалту жұмыстарына қиындықтар туғызады. Мұның екінші себебі діни сауатының жоқтығынан деп білемін. Өйткені ол адамда ойлау жүйесі шектеулі, ой-өрісі өте тар, міне, осындай адамдар қиындық тудырады. Бұндай тип, проблеманы жан жақты емес, бір ғана бағытта қарастырады.
Сонымен бірге оларда агрессия басым сияқты ма?
Иә, ол шындық. Мысалы, объективті тұрғыдан қарасаңыз, ол шынымен солай. Мен де осыны көп байқадым. Неге олай? Мысалы, сәләфилік ағымда да дәл осы нәрсе орын алады. Мысалы, жоғарыда айтылып кеткен такфир проблемасын негізге алулары яғни фокусировка. Сол сияқты сәләфияның ішінде мадхалия деген топ бар, олар «аль уаля уаль бара» деген принципті жүзеге асырады. Алла үшін жақсы көру, Алла үшін жек көру. Бұл теория қашан пайда болды? 200 жыл бұрын ғана Мухамад Ибн Абдуль Ваххабтың «Үш негіз» деген кішкентай кітапшасында көтеріледі. Олардың ғалымдары, осы кітапты міндетті түрде оқу керек деп мәжбүрлейді. Уәжіп дейді. Сөйтіп олар ол кітапты оқиды,діни сауатын ашады. Бірақ ол кітаптағы сол принципті зерттейтін болсақ, ол жерде Меккенің кәпірлеріне түскен Құранның аяттарын,шейхтары мұсылмандарға қолданған. Олар осы сияқты кітаптарды жаттап, соңынан тәжірибе жүзінде қолдана бастайды. Мен өзім бақылаушы болдым. Кейбіреулерімен жеке әңгімелескенде ол жағдайды да айтады. Мысалы, олар «біз уақыты келіп мүмкіншілік болып жатса кәпірге қолданғанды сендерге де қолданамыз» дейді. Дін тазалауды сырттан емес ішімізден бастау керек дейді. Неге? Өйткені олардыңкөзқарасы бойынша өздерімен келіспеген мұсылмандардың барлығы адасқан және бидғатшы (дінге жаңалық енгізуші) болып саналады.Осындай нәрселермен күні бойы айналысып, осы туралы ойлай бергенде оның жүрегі соған сене бастайды,қара дақ түседі. Өмірлері талас-тартыста өте береді. Сөйтіп сөйтіп сондай ұстаным, агрессияға апарады.
Жалпы радикалды ағымдар мен жат ағымдарға еріп кеткен адамдарға түсіндіру жұмыстарынан басқа амал-тәсілдер бар ма?
Біріншіден түсіндіру жұмыстары, сосын жоғарыда айтқанымдай түрлі іс-шаралар ұйымдастыру. Мысалы тауға саяхат, спорттық шаралар сияқты ұйымдастырылады. Мешіттен бөлек аумақтарда кездесулер ұйымдастырылады. Себебі көптеген адамдар мешітке баруды қаламайды. Ол жерде имамнан бөлек, ҰҚҚ адамдары, агент сияқтылар отырады деп ойлайды. Сондай сенімсіздік пен қорқыныш болады. Сондықтан методиканы ауыстырып, кездесу орнын өзгертіп тұрамыз. Хабарласып, сен қалаған жерде, немесе басқа жерде кездесейік дейміз. Сондай жағдай болды. бір жігіт біздің орталыққа келгісі келмеді. Бірақ әкесі сондай жақсы адам, бізден әңгімелесудің басқа жолын табуымызды сұрады. Сосын біз хабарласып, Тастак мешітінің жанында, сол айналада жай ғана кездесейік» дедім, ол қуана келісті. Ол келген кезде маған сенімсіз қарым қатынасты бастады. Агент деп қабылдайтын сияқты. Сосын мен оның сенімін табуға тырыстым, қайта жұмыс істейтінін сұрадым. Сөйтсем, ол телефон жөндейтін мастер екен. мен де бұрын дәл осы салада істегенмін, бұрын мастер болғанмын, әріптес екенбіз деп әңгімеге тарттым. Ол кезде баға басқа, қазір баға басқа екенін айтып, өз тақырыбы аясында әңгімелестім. Сосын ол маған сене бастады, жолдың арқы бетінде халал дәмхана бар, сол жерге барып шай ішуді ұсындым. ол тағы да келісіп, тағы бір сағаттай сөйлестік. Сосын ол маған бір аптадан кейін қоңырау шалып, әңгімелесе бастады. Бірақ кейін біздің орталыққа келді.
Сіздің тәжірибеңізге оңалту жұмыстарына көнбеген немесе қарсы шыққан адамдар болды ма? Олармен қалай жұмыс істедіңіз?
Ондай адамдар көп негізі. Қарсы шыққандар бар. олар ХХІ ғасыр дейді, деструктивті діни ағым болса да өз құқықтарын айтады, зайырлы мемлекетпізғой деп өздеріне керек кезде. Интернет бар, бәрін білуге болады деп ойлайды. Кейбіреулері өз еркітерімен емес, жақындарының, туыстарының, көршілерінің айтуымен келгендіктен өз ақиқаттарын дәлелдеп бағады. Жоғарыда келтірген мысалы сияқты, оған өзімнің бөтен емес екенімді, мысалы бауырмызғой деп, шариғи Ислам университетін бітіргенімді айтып, әңгімеге тартамын. Сосын кейбіреулерімен хабарлама жазу арқылы байланыс орнайды. Кейбіреулерімен келіссе кездесуге барамыз. Олар үшін арабша Құран-хадисті білу маңызды. Сенің сондай сауатты, білімді екеніңді көрген соң, сені де өзіндей қабылдай бастайды. Сосын әбден сенімі артқан соң өзі осында келе бастайды. Ал мүлде қарсы адамдарға біз ештеңе істей алмаймыз, Құрнда дамәжбүрлемеу туралы аят бар, заң жүзінде де солай, сондықтан біз мұндай адамдарды кейінге қалдырамыз. Жарты жыл, немесе жыл өткен соң оның ата-анасымен, жақындарымен байланысып оның жағдайын сұрап, өзгерістерін сұрап білеміз. Негізінен осылай.
Адасудың негізгі себебі сауатсыздық деп жатамыз. Бірақ адамның бәрі діінтануды оқи алмайды ғой. Діни сауатты арттыру үшін не істеу керек?
Әр адам өзі шешуі керек. Мәселен бір адамның жасы 22-де болса, ол ата-анасының немесе айналасының емес өзінің шешімін қабылдай алу керек өзі үшін. Өйткені өзіне не керек, не керек емесін адамның өзі ғана біледі. Екіншіден шетелге діни білім іздеп кететіндердің жағдайы өте қауіпті. Еліміздеі медресе, мешіт, діни университет бар ғой, білімді мемлекеттен бекітілген ресми органдардан алған жөн.
–Әңгімеңізге рахмет!
Ақбота Мұсабек