12 мам, 2026 сағат 17:46

TikTok арқылы аяқ киім сатып, алдаған: Астанада күдікті ұсталды

Фото: unsplash

Астанада әлеуметтік желі арқылы жалған сауда жасап, тұрғындарды алдады деген күдікпен әйел ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Тергеу мәліметінше, ол TikTok желісі арқылы әйелдерге арналған аяқ киім сататынын жарнамалаған. Күдікті сатып алушылардың сеніміне кіріп, алдын ала төлем жасату арқылы 15 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп отырған.

Аталған факті бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындаған.

Қазір полицейлер оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Полиция тұрғындарды интернет арқылы сауда жасау кезінде барынша сақ болуға шақырды. Құқық қорғаушылар бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және әлеуметтік желідегі күмәнді жарнамаларға сене бермеуге кеңес береді.