19 жел, 2022 сағат 16:18

ТікТок арқылы алматылықтарды алдап соққан күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz 

ТікТок арқылы алматылықтарды алдап соққан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қарағанды ​​облысының тумасы интернет желісіндегі алаяқтық бойынша ұсталған. Ер адам шаһардың кемінде 12 тұрғынын алдады деген күдікке ілінген.

"Күдікті ТікТок мобильді қосымшасын пайдалана отырып, жүргізуші куәлігін рәсімдеймін деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемденгені анықталды. Оның үстіне “қызметінің ақысы” қолма-қол ақша түрінде де, электронды аудару арқылы да болған. Жедел іс-шаралар жүргізілді: күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның осыған ұқсас 12 эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.

Тәртіп сақшылары алданғандардың көп болуы мүмкін екендігіне сенімді. Полиция қызметкерлері ұсталған адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8-775-663-94-36; 8-705-630-30-00.