TASS
McDonald’s Ресейдің 13 аймағында өзінің мейрамханалары мен франшизасын сатады. Оларды сатып алушылардың бірі – Қазақстанның бай кәсіпкері Қайрат Боранбаев болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл McDonald’s-тың франчайзингті дамытудағы ірі келісімшарты болмақ. Монопилияға қарсы Федералды қызмет сатылым бойынша келісімшартты мақұлдады.
"Ресейдің 13 аймағында тарайтын McDonald’s желісіне Қайрат Боранбаев жаңа франчайзи атанады" деп хабарлады РБК-ға бірнеше дереккөз.
2013 жылдан бері Қазақстан мен Белоруссияда McDonald’s франшизасын қолға алған Боранбаев Қазақстандағы алғашқы McDonald’s-ты 2016 жылдың наурызында ашқан болатын.
Ресейден кететін McDonald’s мейрамханаларын The Bell басылымының жазуы бойынша не Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы саналатын Қайрат Боранбаев, не Новокузнецк кәсіпкері Александр Говор сатып алуы мүмкін. Келісім жайлы нақты ақпарат бүгін, яғни 19 мамыр күні жарияланады деп күтілуде.
Айта кетейік, ол биыл 17 наурызда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.