26 қыр, 2020 сағат 16:51

Теннисші Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалында ұтылып қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен бас жүлдені сарапқа салды. 

Бірінші партияда украиналық спортшы 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Елена есе қайырды - 6:1.

Үшінші, шешуші партияда Э.Свитолина басым түсті - 6:2.

Тартысты бәсеке 1 сағат 52 минутқа созылды.

Е.Рыбакинаның WTA жарысында финалға дейін жетуі де - жақсы көрсеткіш. Енді ертең Парижде басталатын Франция ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетсе, табысы көбейіп, рейтингісі жоғарылайтыны анық.