12 там, 2020 сағат 06:27

Теннис: Путинцева АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады

Қазақстандық Юлия Путинцева Лексингтон (АҚШ) турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлемнің 33-ракеткасы Ю.Путинцева бастапқы кездесуін рейтингте 56-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен өткізді.

Бірінші сетте Юлия қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екіншісінде де 6:4 есебімен басым түсті.

Бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды. 

Қазақстандық спортшы екінші айналымда әлемнің 63-ракеткасы, швейцариялық Жиль Белен Тайхманмен шеберлік байқасады.