21 қыр, 2020 сағат 14:00

Теннис: Қазақстанның бірінші ракеткасы Страсбург турнирін жеңіспен бастады

 

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Е.Рыбакина бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 110-орында тұрған, додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған бельгиялық Гретье Минненмен өткізді. 

Қазақстандық теннисші 7:5, 6:4 есебімен екі партияда жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 33 минутқа созылды.

Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 50-ракеткасы, словениялық Полона Херцог немесе рейтингте одан бір саты төмен орналасқан франциялық Ализе Корненің біреуімен кортқа шығады.