#
#
Жұма 14/08/2020

Теннис: Елена Рыбакина Хобарт турнирін жеңіспен бастады

  • 14.01.2020
  • 0
  • 288

Қазақстанның бірінші, әлемнің 30-ракеткасы Елена Рыбакина Хобарт (Аустралия) WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 69-орында тұрған словениялық Тамара Зиданшекпен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші бірден брейкпен бастап, өз геймдерін де бермей, 3:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:1. Сосын сетке бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:1.

Екінші сетте есеп 3:2 болғанда, Т.Зиданшек брейк жасай алды – 4:2. Дегенмен Е.Рыбакина дереу қарымта қайырып, таразы басын теңестіре білді – 4:4. Содан кейін тағы бір брейктен соң матч нүктесін қойды – 6:4.

Бәсеке 1 сағат 7 минутқа созылды.

Е.Рыбакина жүлде қоры 275 мың АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 60-ракеткасы, франциялық Ализе Корнемен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның үздік отыз теннисшінің қатарына кіргенін, ал Александр Бубликтің Аделаида турнирінің ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар