Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тың Кэри қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әлемдік рейтингте 174-орында тұрған, осы жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген Д.Попко екі кездесуін жеңіспен аяқтады.
Әуелі рейтингте 239-сатыдағы америкалық Улисс Бланчты 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Екінші айналымда әлемнің 197-ракеткасы, тағы бір америкалық Митчелл Крюгамен өткен матч әлдеқайда тартысты болып, үш сетке созылды. Мұнда қазақстандық теннисші 6:3, 3:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Д.Попко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 124-інші, турнирдің 2-ракеткасы, АҚШ өкілі Денис Кудламен таласады.
Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов алғашқы айналымнан аса алмады. Дегенмен ол Андрей Голубевпен бірге жұптық сында филиппиндік Трит Хьюи мен америкалық Роберт Галлоуэйді жеңіп, ширек финалға шықты. Олар жартылай финалға шығу үшін америкалық Денис Новиков пен ресейлік Теймураз Габашвилимен шеберлік байқасады.
Жұптық сында Д.Попко да жарысты жалғастыруда. Ол польшалық Питер Поланскимен бірге бастапқыда доминикандық Роберто Сид Суберви мен колумбиялық Даниэль Элаи Галанның меселін қайырса, ширек финалда америкалық Хантер Рис пен Нидерланды өкілі Сэм Вербикпен күш сынасады.