03 қар, 2020 сағат 21:13

Теннис: Бублик Париждегі мастерс турнирінде ұтылып қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Париждегі мастерс турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

А.Бублик әлемнің 32-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасты.

Бұдан бұрын Л.Сонего Парижде өткен Франция ашық чемпионатында А.Бубликті үш партияда тізе бүктірген болатын.

Бұл жолы да италиялық теннисші шеберлігі басым екендігін танытып, екі сетте 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке бір сағаттай уақытқа созылды. 

Л.Сонего екінші айналымда аустралиялық Алекс де Минормен кездеседі.