Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Осы доданың 8-ракеткасы болып тіркелген Бублик екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 271-орында тұрған франциялық Тристан Ламазинмен күш сынасты.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші 4:2 есебімен алға кетті. Бұдан кейін де брейк жасай алды – 6:2.
Тартыстырақ өрбіген екінші сетте де А.Бублик шеберлігінің басым екендігін көрсетті – 6:4.
Бәсеке 1 сағат 36 минутқа созылды.
Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 10-ыншы, осы турнирдің 1-ракеткасы, италиялық Маттео Берреттини немесе рейтингте 298-сатыдағы болгариялық Димитар Кузмановтың қай жеңгенімен таласады.