13 қаң, 2021 сағат 14:03

Теннис: Бублик Анталия турнирінің финалында жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирінің жеңімпазы атана алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

А.Бублик финалда әлемнің 23-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минаурмен кортқа шықты.

Бірінші партияда есеп 0:2 болған кезде қазақстандық теннисші жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады.

Осылайша 21 жастағы аустралиялық теннисші ATP турнирлеріндегі төртінші табысына қол жеткізді. Ал А.Бубликтің осымен үшінші финалда жолы болмады.

«Кеше тобығымды ауыртып алсам да, бар күшімді жұмсап, матчты бітірдім. Содан кейін үш сағат бойы физиотерапевте болдым. Жарақатыма қарамастан, бүгінгі ойынға дайындалдым. Өкінішке қарай, ATP турнирлеріндегі үшінші финалды да ұта алмадым», - деді матчтан кейінгі сұхбатында Александр Бублик.