07 қаң, 2021 сағат 16:35

Теннис: Александр Бублик Анталия турнирін сәтті бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы турнирдің 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 76-орында тұрған италиялық Сальваторе Карузомен күш сынасты.

Матчты сәтті бастаған Бублик бірден брейкпен алға шықты – 2:0. Ол бірінші партияда осы басымдылығынан айырыла қойған жоқ – 6:3.

Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай алды – 4:2. Ақыры матчты жеңіспен аяқтады – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 8 минутқа созылды.

А.Бублик жүлде қоры 300 мың еуроға бағаланған доданың екінші айналымында Беларусь елінің өкілі, әлемнің 78-ракеткасы Егор Герасимов немесе рейтингте 271-сатыдағы франциялық Тристан Ламазиннің біреуімен кездеседі.