20 мам, 2020 сағат 11:55

Теңіз кенішінің 23 жұмысшысынан коронавирус індеті анықталды

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, бүгін Теңіз кенішінің 23 жұмысшысынан коронавирус індеті анықталған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Науқастар – Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар. Қауіпті індетке шалдыққандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Олар тиісті хаттамаларға сәйкес ем қабылдауда. Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды» - деп хабарлады өңірлік жедел штабтан. 

Бүгін, 20 мамырда Атырау облысында қауіпті індетті жұқтырған адамдар саны 792-ге жетті. Ал, Теңіз кенішіндегі 42 мердігер мекеменің қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының 712 жағдайы тіркелген. Вахталық аумақта қауіптің індеттің 22 ошағы анықталған.