19 мам, 2020 сағат 12:16

Теңіз кенішінің 142 қызметкері коронавирус жұқтырды

Бүгін Атырау облысындағы Теңіз кенішінің 142 қызметкері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтан мәлім етті. 

«Қауіпті індет жұқтырған науқастардың бәрі –Теңіз кенішіндегі мердігерлік мекеменің қызметкерлері. Олар вахталық ауысым алдында тұрғылықты мекенжайына бару үшін міндетті скринигтен өткен. Барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Қазір алгоритмге сәйкес ем қабылдап жатыр», - деп хабарлады жедел штабтан.