28 қар, 2022 сағат 12:44

Теміртау тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды - ҰҚК


Теміртау қаласының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 21 қарашада терроризмді насихаттау дерегі бойынша Теміртау қаласының тұрғыны «Д.Ш.»-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының айыптау үкімі заңды күшіне енді.

Тергеу және сот айыпталушы жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикал діни идеологияны таратқанын анықтады.

"Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушы ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған", - делінген хабарламада.