22 жел, 2020 сағат 09:56

Техаста ұшақ апатқа ұшырады

Техас штатының Гранд Прери қаласында шағын ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жергілікті полиция қызметінің дерегінше, дүйсенбіде сағат 14:54 шамасында Гранд Преридің өрт сөндіру қызметі шағын жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабар алған. Расталған мәліметтерге сәйкес, екі адам опат болды», – делінген қалалық әкімшіліктің сайтында. «Ұшақ Дентоннан (Техас штаты) ұшып шығып, Гранд Прейри муниципалды әуежайына қонған. Алайда әуеге қайта көтерілген ұшақ бірнеше минуттан соң құлады». 

NBC телекомпаниясының хабарлауынша, бортында екі адамы бар ұшақ телефон бағанасын іліп кеткен. Ол шамамен 500 фут (152 м) жүріп өтіп, автомобильге соғылған. Апат кезінде көлік ішінде болған адам ауруханаға жеткізілді.

АҚШ федералды азаматтық әуе басқармасы оқиға бойынша тергеуді бастады.