Бейсенбі күні Тайванның Гаосюн қаласындағы тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан кем дегенде 46 адам көз жұмған, ондаған адам жарақаттар алған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14 қазанға қараған түні Тайванның Гаосюн қаласындағы көпқабатты ғимаратта күшті өрт тұтанды. Төтенше жағдай салдарынан кем дегенде 46 адам көз жұмып, 41 адам жарақаттар алды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көпфункциялы ғимарат 40 жыл бұрын салынған, апат кезінде онда 140 адам тұрып жатқан.
Құтқарушылар ірі өртті ауыздықтады. Қазіргі кезде ТЖ себебін анықтау мақсатында зерттеу жүріп жатыр.