Фото: instagram.com/aizhuldyz.adaibekova
Белгілі блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова мен оның жары Сәкен Қағаров ұлды болды. Қуанышты жаңалықты отбасы өкілдері мен жақындары әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Ult.kz.
Жас жұп ұлдарына Санат деген есім берді. Сәбиді
перзентханадан екі жақтың ата-анасы салтанатты түрде алып шықты.
Айжұлдыз жеке парақшасында:
«10.10.2025. Қағаров Санат Сәкенұлы. Отбасымызға қош келдің!» – деп жазды.
Танымал әнші, эстрада жұлдызы Жанар Айжанова да алғашқы
немересінің дүниеге келуін ерекше қуанышпен атап өтті.
«Санат батырдың отбасы осындай. Көптен күткен Таусоғарды алып шықтық. Шүкір», – деді ол.
