14 мам, 2021 сағат 12:20

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кинотуынды әзірленеді


«Ұлы дала таңы» атты тарихи көркем фильмінің тұсаукесері Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан ел алдындағы есебінде айтты. 

«Тәуелсіздік «30 жылдығына арналған 30 кинтотуынды» жобасы аясында, тәрбиелік сипаттағы тарихи, көркем және анимациялық фильмдер әзірленеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында ең күтілетін киножобалардың бірі – «Ұлы дала таңы» атты тарихи көркем фильмінің тұсаукесері де өтетін болады», - деді министр. 

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуә елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты тікелей көрсетілім арқылы өтіп жатыр.