19 қаз, 2020 сағат 07:28

Ташкентте қоғамдық көлікте маскамен бірге қолғап та кию талабы енгізілді

Өзбекстан астанасында қоғамдық көлік жолаушылары маскамен бірге қолғап та киюге міндеттелді, деп хабарлайды елдің көлік министрлігінің Telegram каналы.

19 қазаннан бастап қоғамдық көлікте әр түрлі маусымдық инфекциялардың таралуын болдырмау және жолаушылардың денсаулығын сақтау мақсатында Ташкентте қоғамдық көлікте (автобус, метро, такси) жүргенде медициналық маска тағу және қолғап кию тәртібі енгізіледі. 

Тасымалдаушы компаниялар жолаушыларға қолғапты тегін береді.

Жолаушылар метро бекеттеріне кассирлерден, автобустар мен шағын автобустарға мінгенде, кондукторлардан және жүргізушілерден қолғап алады.