23 қаң, 2017 сағат 10:40

Ташкентте Хумо ертегі құсы пішіндес әуежай салынады

Ташкенттегі халықаралық әуежайда жаңа жолаушы терминалының құрылысына 430 млн доллар бөлінеді, деп хабарлады Өзбекстанның қаржы министрлігі.

Бұған дейін жоба құны 336 млн доллардан асатыны хабарланған еді. Хабарларға қарағанда, Оңтүстік Кореяның Эксимбанкі несиегер ретінде 200 млн доллар бөледі.

Жаңа терминал үш жыл бойы салынады. Оның көлемі қазіргі терминалдан екі есе, ал жолаушыларға қызмет көрсету ғимараты үш есе үлкен болады.

Терминалдың сыртқы көрінісі Хумо ертегі құсын елестетеді. Терминал сағатына 1500 жолаушыға қызмет көрсетеді.

Жобаны жасау барысынды Оңтүстік Кореядағы "Инчхон" халықаралық әуежайының тәжірибесі мен технологиясы ескерілген.