24 сәу, 2020 сағат 18:30

Таразда 86 жастағы әжей коронавирусты жеңіп шықты

Жамбыл облысында коронавирустан сауыққан науқастардың саны артуда, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

24 сәуір күні стационардан екі адам емделіп шықты. Оның бірі - 1985 жылы туған тұрғын. Ол КВИ тасымалдаушысымен байланыста болғаны үшін ауруханаға жатқызылған.

Жуырда қызы Нұр-Сұлтан қаласынан келген Тараз қаласының 1934 жылғы тұрғыны да дертті жеңіп шықты.

Қарт әйел шұғыл емдеу үшін қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Одан КВИ-ға алынған қан талдауы оң нәтиже көрсеткен. Отадан кейін әйел облыстық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. Емдеу шараларының нәтижесінде ол дерттен айықты.

Жалпы аймақта коронавирустан 42 адам жазылып кеткен.