29 шіл, 2021 сағат 14:26

Тамыз айында бірнеше өңірде 38 градусқа дейін ыстық болады - ТЖМ


Тамыз айында еліміздің оңтүстік, орталық және батыс өңірлеріндегі тұрғындарға өрт қауіпсіздігін мұқият сақтау қажет болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасенов орталық коммуникациялар қызметінде осындай үндеу тастады, хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидромет» мәліметтері бойынша, тамыз айында ай бойындағы орташа температура қалыпты болады. Республиканың басым бөлігінде – орталық, оңтүстік және батыс өңірлерде ауа температурасы 38 градусқа дейін жетеді. Яғни, өрт қауіпсіздігін жоғары деңгейде сақтау керек деген сөз», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, ол өрт қауіпсіздігін сақтамау қандай жауапкершікке соқтыратынын еске салды. 

«Азаматтарды орман мен далада болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үндеймін. Өрт қауіпсіздігін сақтамау Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 336, 337, 410-баптарымен жаза қарастырылғанын еске салғым келеді», - деді министрлік өкілі.